Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әкімінің төрағалығымен қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы талқыланды

Алматы әкімінің төрағалығымен қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы талқыланды

2015 жылдың 16 қазанында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен қаланың құқық қорғау және бақылаушы органдарының жиналысы өтті. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз баяндамасында хабарланды. 

Жиналыс кезінде Алматы қаласындағы құқықтық заңдардың орындалуын қамтамасыз ету және әлеуметтік-эконмикалық саладағы мәселелер сөз болды. Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі сыртқы және ішкі көші-қон мәселесі болып отыр. Сондай-ақ, заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстар жиі орын алып жатыр. Жиналыс нәтижесінде түнгі клубтар мен қаланың ойын-сауық орындарындағы есірткі айналымын жою туралы шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, мегаполистегі  орын алып жатқан жол көлік апаттарының себептері талқыланды. Алматы қаласындағы жол көлік оқиғаларының саны Республиканың орташа деңгейінен  екі есе жоғары болып отырғаны мәлім болды. Патрульдік жол полиция қызметкерлері автожолдарды жөндеу кезінде көлік қозғалысын реттеу тәжірибелерін жүргізу керектігі туралы сөз болды. Жиналыс кезінде орта және шағын бизнес мәселелері талқыланды. Алматы әкімі аталған бизнес түрі қала бюджетін көтеруге мүмкіндік беретінін жеткізді. "Кәсіпкерлікті дамыту үшін орта және шағын бизнесті бақылаушы органдардың негізсіз тексерістерінен қорғау керек", - деді қала әкімі. Алматы әкімдігінде болған жиналыста ашық жерлерді пайдалану мәселесі сөз болды. Халық арасында жер учаскелерін игеру жұмыстарының және осы саладағы заң бұзушылықтардың орын алуы туралы түсініктеме берудің маңызды екені анықталды.

Похожие материалы