Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әлемдегі қарқынды өсуші қаржы орталықтары рейтингісінің ондығына кірді

Алматы әлемдегі қарқынды өсуші қаржы орталықтары рейтингісінің ондығына кірді

 Financial Post әлемдегі ең тез өсіп келе жатқан қаржы орталықтарының ондығын жасады. Рейтингке Нью-Йорк, Лондон және Токио кірмеді. Себебі олар әлемдік ең ірі қаржы орталықтары әрі барлық көрсеткіштер бойынша алғашқы орында келе жатыр. Дамушы елдер ішінен инвесторларға қаржы салымдары салғызуға жаңа мүмкіндік ашып жатқан көптеген бәсекелестер бар. Олардың көпшілігі Шығыс Азияда, Таяу Шығыста және Африкада орналасқан. Бұл жөнінде «Алматы» телеарнасының "Деловое время" бағдарламасында айтылды.

Басылым рейтингісінде Алматы оныншы орынға табан тіреді. Қазақстанның ең үлкен қаласы соңғы бес жылда рейтингтегі орнын 9 сатыға жылжытты. Тіпті Мәскеу мен Варшаваны басып озды.
Тоғызыншы орында 201 жылдан бері 11 сатыға көтерілген Бангкок. Оңтүстік-Африкалық Йоханнесбург 2010 жылы 54-орыннан 32-орынға жылжыды. Ал, осы жылы ол рейтингте 3-орынды тұр.
Стамбул Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы негізгі қаржы орталығы болып тұр. 2010 жылы 30 саты жоғары көтерілген.
Сауд Арабиясының елордасының қаржылық орталығы өсім көп байқалатын орталықтар санатында. 2010 жылдың мамырынан бастап аталған қала индексте 55 орынға алға жылжыған. Сауд Арабиясының астанасы шетелдік инвесторларға қаржылық нарық есігін ашық ету үшін барын салуда.

Похожие материалы