Алматы қаласы Economist Intelligence Unit зерттеу компаниясы жасаған рейтинге мүмкін болған 100 баллдың 65,3-не ие болды. Бұл жөнінде аустралиялық AbcNet агенттігі хабарлайды.
Сарапшылар Алматы қаласының тұрақтылығын 75 баллға, денсаулық сақтау саласын - 66,7 баллға, мәдениет және қоршаған орта - 57,6 баллға, білім беру саласын - 66,7 баллға, инфрақұрылымды - 60,7 баллға бағалаған. Зерттеу 100 баллдық жүйемен 5 негізгі тармақ бойынша жүргізілді: денсаулық сақтау, білім беру, тұрақтылық, қоршаған орта, мәдениет және инфрақұрылым. Өмір сүру деңгейі бойынша бірінші орынға 97,5 баллмен аустралиялық Мельбрун қаласы ие болды. Одан кейінгі орында - Аустрияның астанасы Вена, үшінші орында - канадалық Ванкувер. Ең үздік қалалардың ондығында Торонто, Аделаида, Калгари, Сидней, Перт, Окленд және Хельсиеки қалалары бар. Ұпайы жоғарылары, негізінен орташа аумақты бақуатты елдер мен халық тығыздығы төмен қалалар. Сарапшылардың айтуынша, мерекелік іс-шараларды өткізу барысында қылмыс жағдайлары аса жоғары емес болуы және инфрақұрылымдары рейтингте өте маңызды. Террористік актілер мен азаматтық тәртіпсіздік көптеген елдердің тұрақтылығын төмендеткен. Олардың ішінде Франция мен Тунис бар.Алматыдан бөлек, ТМД елдері ішінен тек қана Санкт-Петербург (77-орын) және Мәскеу (81-орын) кірген.
Ислам мемлекетінің әрекеттері бірнеше елдерде терроризмнің өршуіне әкеп соқты. Сәйкесінше, рейтингке бұл да әсер етті.
Зерттеуге 140 қала қатыстырылған. Өмір сүруге оңтайлы емес қалалардың ондығында Киев бар.