Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызындағы төбелес – полиция пікір білдірді

Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызындағы төбелес – полиция пікір білдірді

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы төбелесіп қалған, деп хабарлайды 7kun.kz.

Полиция мәліметінше, 30 желтоқсанда Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында орын алған құқықбұзылушылыққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша соталды тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аумақ бойынша Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімімен тергеп-тексерілуде.

«Бұған қоса, алғашқы тексеруде поездың 37 жастағы жолаушысы ҚР  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-бабы (Қоғамдық орында сауда сату) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, пойыз бастығы аз. Р-ға қатысты ҚР  ӘҚБК-нің  434 бабы (Ұсақ бұзақылық)   бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, видеода ер адам пойызда сауда жасап жүрген әйелмен төбелесіп қалғанын көруге болады. Ол әйелдің ішінен теуіп жіберген.

Полицияда 17 қаңтарда жоғарыда аталған әкімшілік істер Тараз қаласының Арнайы мамандырылған әкімшілік сотына жолданатынын атап өтті.

Похожие материалы