Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – 23 ақпан күні Тұңғыш Президент Саябағында Қысқы жүгіру жарысы өтті.

- Бүгін сөреге шамаман 1200 жүгіруші шықты. Қатысуға ниет білдірушілердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл спорттың тек дене бітімі мен денсаулықты күту тәсілі ғана емес, сонымен бірге  заманауи сәнді трендке айналғанын көрсетеді. Ұйымдастырушылар ретінде мұндай қызығушылықты қолдап, әуесқой спортшыларға спортпен жеңіл әрі дұрыс шұғылдануға көмектесуді мақсат тұтамыз, - деді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева.

Жарысты 3 км қашықтыққа жүгіруден бақ сынасатын балалар бастады. Жас жүгірушілер арасында Рамазан Айнегов жеңіпаз атанса, қыздар арасында Диана Ханчи мәреге бірінші болып жетті.

Негізгі қашықтыққа (10 км) жүгіру жарысынан Михаил Красилов, қыздар арасында Анастасия Черная жеңіпаз атанды. Қысқы жүгіру жарысының қатысушыларына бірінші орын үшін 50 000 теңге, екінші орынға 30 000 теңге және үшіншіге 20 000 теңге көлемінде ақшалай жүлде берілді. 

Похожие материалы