Алматы. 8 қараша. 7kun.kz – Алматылық жұмыс берушілер өткен айда 1,8 млрд теңгеден астам медициналық сақтандыру жарнасын төледі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Алматы филиалы хабарлады.
Сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін Алматылықтардан түскен жарна 24,1 млрд теңгеден асты. Бұл Медициналық сақтандыру қорына республика бойынша түскен қаражаттың 21,2%-ы. Жарна аудару жағынан Алматыдан кейін Астана қаласы (12,6% немесе 14,3 млрд теңге), үшінші орында – Қарағанды облысы (8,2% немесе 9,3 млрд теңге) тұр.
Жалпы, қарашаның басындағы мәліметке сүйенсек, республика бойынша МСҚ-на жинақталған қаржы сомасы 113,8 млрд теңгеге жетіп жығылады.