Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы мен Астана тұрғындары саудамен көбірек айналысады

Алматы мен Астана тұрғындары саудамен көбірек айналысады

Астана. 16 ақпан. 7kun.kz - Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2017 жылғы қаңтарда 557,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 103,5%-ды құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 329,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 111,4%-ды құрады. Ірі сегмент кәсіпорындары бойынша (жұмыспен қамтылғандардың саны 100-ден жоғары) бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 107,5 %-ды құрады.

Жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде базарларда саудамен айналысатындардың бөлшек сауда көлемі жалпы көлемнің 40,9%-ын алады, өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда олардың көлемі 6,2%-ға төмендеді.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 69,5%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9%- ға өсіп, азық-түлік тауарлары 5,6%-ға төмендеді.

2017 жылғы 1 ақпанға бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындары (есепті тапсырған кәсіпорындар бойынша) тауарлық қорларының көлемі 558,9 млрд. теңгені, саудадағы күндері 89 күнді құрады.

2017 жылғы қаңтарда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,8%), Астана қаласына (10,7%), Қарағанды (9,5%) және Шығыс Қазақстан облыстарына (8,5%) келеді.

2017 жылғы қаңтардағы облыстар бойынша бөлшек сауданың нақты көлем индекстері

Похожие материалы