Экономика
Алматы мен Астана туристер арасында танымал 10 қаланың тізіміне енді
Travel.ru порталы осы жылы ресейлік туристер демалысқа баруда үздік деп тапқан 10 қаланы анықтады. Рейтинг туристік фирманың көмегінсіз, өз бетінше саяхаттайтын туристердің қонақ үйлерде номер брондауы бойынша мәліметтерге сәйкес құрастырылған.
Ресейліктердің қызығушылығын тудырған ТМД қалалары ішіндегі үздік ондыққа Минск, Киев, Алматы, Баку,Ереван, Астана, Витебск, Бішкек Ташкент және Кишинев кіреді. Үздік бестікке кірген мемлекеттердің ішінде Беларуссия бірінші орында. Оның үлесіне барлық сапардың 37% тиесілі. Украинаға- 22%, Қазақстанға - 16%, Әзірбайжанға - 9% және Арменияға- 7%, ал 10% ТМД-ның қалған мелекеттер қоржынында.
Travel.ru ақпаратынша, ресейліктердің Қазақстанға онлайн-брон жасау арқылы сапары өткен жылмен салыстырғанда үштен бір бөлікке артқан. Қазақстанға ресейлік саяхатшылар шамамен 4 күнге келіп, қонақүйлерге тәулігіне $90-ға жуық ақша төлейді.
Алматыда ресейлік туристер қонақүйлерге тәулігіне 84$, Киевте - 87$, Бакуде- 78$ ал Ереванға - 63 $ жуық ақша төлейді. ТМД-дағы ең арзан астана Бішкек (тәулігіне $30), ал ең қымбаты - Астана (тәулігіне $115).
ТМД елдерінде ең танымал курорттық бағыттың үздік бестігі ретінде Ыстықкөл (Қырғызстан), Нарочь көлі (Белоруссия), Бурабай (Қазақстан), Набрань (Әзірбайжан) және Севан көлі (Армения) танылды.