Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанның мегаполистерінде жылы тротуарлар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Clean Road-тың негізін қалаушы Антон Гочачко мәлімдеді.
Оның айтуынша, олардың стартап жобасы жаяу жүргіншілер жолдары мен жылытылатын автотұрақтар үшін жабын орнатады. Бұл қар тазалау, жол инфрақұрылымын салу және қызмет көрсету шығындарының тиімділігін арттырады.
Жоба StartUp Kazakhstan жеделдету бағдарламасының нәтижелері бойынша 31 мың доллар (шамамен 12 млн теңге) алды.
«Жылуы бар тротуарлар қысқы және жаңбырлы уақытта тазалау мен кептіруден үнемдейді. Біз Ресей мен Финляндияда жұмыс істеп жатырмыз. Келесі жылы Алматы мен Астанада үш құрылыс салушымен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан олармен келіссөздер жүргіземіз», - деп атап өтті Гочачко.
Оның айтуынша, 20 мың шаршы метрді жабу үшін 500 мың доллардан 1 млн долларға дейін (шамамен 193,3-386,7 млн теңге) қажет.