Экономика
Алматы мен Оралда пәтер жалдауға сұраныс екі есе, Қостанайда үш есе өсті
Қазақстан. 28 қыркүйек. 7kun.kz – 21 қыркүйектен бері Алматы мен Оралда жалдамалы пәтерге сұраныс екі есе, Қостанайда үш есе өсті. Бұл туралы OLX.kz сарапшылары хабарлады.
«Пәтер» кілт сөзі бойынша іздеу сұрауларының саны елдің барлық солтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Астана мен Алматыда күрт өсті.
Ал жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 21 қыркүйектен кейін Павлодарда – 43%-ға, Астанада – 24%-ға және Оралда 18%-ға өсті.
21 қыркүйектен кейін бастапқы баспананың құны кейбір өңірлерде ғана өссе, басқаларында керісінше төмендеді. Қайталама нарықтағы баспана бағасы Астана мен Петропавлда ғана аздап өсті.