Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — Банктер тұтынушылық мақсаттар үшін қазақстандықтарға 3,6 трлн теңге берді. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл көрсеткіш 1 шілдеге қарағанда 350 млрд теңгеге артық.
Ұлттық валютадағы қысқа мерзімді несиелерге 149,4 млрд теңге, ұзақ мерзімді несиелерге 3,4 трлн теңге бөлінді. Сонымен қатар, банктер шетел валютасында 2,7 млрд теңгеге қысқа мерзімді қарыз, 43,5 млрд теңгеге ұзақ мерзімді қарыз берді.
1 шілдедегі жағдай бойынша, алматылықтар ең көп несие алды - 1,4 трлн теңге. Екінші орында елорда тұрғындары - 302,7 млрд теңге. Үшінші орынға Қарағанды облысы орналаст - 236,7 млрд теңге. Банктер ең аз несие көлемін Түркістан облысына - 63,9 млрд теңгеге және Солтүстік Қазақстан облысына - 46,5 млрд теңгеге берді.
Ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді несиелерді көбінесе Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары алған: тиісінше 1,2 трлн теңге және 297,4 млрд теңге. Шетел валютасындағы несиелердің көлемі Алматыда – 37,3 млрд теңгеге және Шымкентте – 1,5 млрд теңгеге көп болды. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында аз несие берілді.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кепілсіз тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін есептен шығаруды қарастыратын "Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.