Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы метросы пойыздардың қозғалыс кестесін өзгертеді

Алматы метросы пойыздардың қозғалыс кестесін өзгертеді
Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Алматы метросы пойыздардың қозғалысын түнге дейін ұзартады.Бұл туралы "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада айтылғандай, жолаушылардан көптеген өтініштер түскен. Сондықтан 2018 жылғы 12 қарашадан бастап Алматы метрополитені 6:20-дан 24:00-ге дейін жұмыс жасайды. "Біз мегаполис тұрғындары үшін метро пайдалануға барынша қолайлы жағдай жасауды мақсат тұтамыз. Келесі жылы метрополитен станцияларының платформалары мен кассалық залдарында келесі поезд келгенге дейінгі уақытпен инфо дисплей орнатылады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Похожие материалы