Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы метросының екі бекетін салуға 2 млрд теңге бөлінеді

Алматы метросының екі бекетін салуға 2 млрд теңге бөлінеді

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz — Алматы қаласындағы метроның екі бекетін салуға 2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында  айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«2 млрд. теңге метроның «Сарыарқа» және «Достық» атты 2 бекеттерін салуға инвестицияланады, соның арқасында жолаушылар ағыны екі есе өсіп, 12 ықшам аудан тұрғындары үшін метро қолжетімді болады. Сейфуллин-Жансүгіров, Рысқұлов-Емцов көшелерінің бойына жолайрықтарын салу және Абай даңғылын үңгілеу үшін жер учаскелерін сатып алуға 6 млрд. теңге жұмсалады, 2017-2018 жылдардың сот шешімі бола тұра бұл мәселелені одан әрі созу меншік иелері арасында ерекше әлеуметтік шиеленісті тудырады», -делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында нақты бюджет қабылданды, мұнда ауаның ластану деңгейін анықтайтын қондырғылар орнатуға, мектептер жанынан қосалқы нысандар салуға, жолдарға қосымша жөндеу жүргізуге және басқа іс-шараларға қаржы бөлу қарастырылған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке қаланы дамыту және халықтың барынша өткір мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 13 млрд. теңге бөлу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

Сондай-ақ, Алатау ауданындағы 10 ықшам ауданның жолдарын салуды аяқтауға 5,1 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде Саялы, Алғабас-АЗТМ, Ақбұлақ, Көкқайнар, Ұлжан-2, Қарасу елді мекендерінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

Бұдан басқа, қалада арық желілерін жөндеу және қайта жасау жұмыстары қарқын алған. Мемлекет басшысының су басып қалу мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, салынып жатқан 49,5 км желімен бірге қаланың сегіз ауданындағы жұмыс істеп тұрған барлық арықтар ағымдағы жөндеуден өтеді.

«Тек үш жыл ішінде ғана 465 км жол жөнделді. Тұрғындардың өтініші бойынша ұзындығы 7 км болатын әрі қозғалысы тығыз бес жолға - Құлжа трактісі Рысқұлов даңғылынан Бұхтырма көшесіне дейін, Шолохов көшесі Ержанов көшесінен Сүйінбай көшесіне дейін және басқаларына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлеміз. Бұларды біз оңтайландыру есебінен қаржыландырамыз. Тағы бір табыс көзі - құқық бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар. Бұл туралы пікірталасты жиі естимін. Аталған шара апаттың алдын алуда, ал түскен қаржы қаланы дамытуға жұмсалуда. Мысалы, әкімшілік айыппұлдан түскен 2,4 млрд. теңгенің арқасында ардагерлерге берілетін бірреттік төлемді бұрынғы хабарланған 250 ден 500 мың теңгеге ұлғайттық, атаулы әлеуметтік көмектің көлемін арттырдық, ауыр және сирек кездесетін дертке шалдыққан 1 мыңнан астам сырқат жыл аяғына дейін дәрілермен қамтамасыз етіледі», - деді Бауыржан Байбек.

Похожие материалы