Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-наурызда қазақстандықтар 59 057 тұрғын үй сатып алып-сатты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлайды.
Сатып алу-сату мәмілелерінің саны бойынша Қарағанды (1 795), Алматы (1248) және Шығыс Қазақстан (1459) облыстары көш бастап тұр.
Ең азы Қызылорда (372), Атырау (391) және Солтүстік Қазақстан (623) облыстарында.
Ал тұрғын үйлердің басым бөлігі Алматыда (3 586), Нұр-Сұлтан (2415) және Шымкентте (945) сатылды.
Статистикаға сәйкес, 2019 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 19 132 құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 4,5%-ға аз.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 16%-ға өсті.