Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін айтты.
"Манзоровқа қатысты тергеу жалғасуда. Іс-әрекет 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ бойынша сараланады", – деді Бектенов.
Оның айтуынша, бүгінде тергеушілер прокуратураға үй қамауындағы бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті жіберді. Қалған ақпараттар тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.
Еске сала кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровты 25 қыркүйекте құрықтады.