
Алматы. 28 шілде. 7kun.kz - Алматы облысының таулы аймақтарында аптапқа байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК өкілдері хабарлады.
"Таяудағы үш тәулікте 29-31 шілдеде жоғары температуралық фонға байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қазгидромет ауа-райының қатты ыстық болтынын хабарлаған еді. 26-30 шілдеде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады деген болжам жасалды.