Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Энергетика министрлігі атом станциясын салуға арналған алаңды анықтады. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Атом электр стансасы Алматы облысының Үлкен ауылында орналасуы мүмкін, деді Мырзағалиев.
«Бізде атом электр стансасы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Біз әзірге алаңды анықтадық, біз үшін ең қолайлы технологияны таңдаймыз», - деп түсіндірді ол.
Оның пікірінше, құрылыс мәселесі қосымша зерттеуді қажет етеді.
«Кез-келген жағдайда, біздің Ресеймен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымызды ескере отырып, өздеріңіз білесіздер, бізде уран өндіруге байланысты ортақ жобалар бар, бұл күн тәртібінде тұрған барлық мәселелер. Сондықтан біз осы мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Бірақ АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ», - деді Мырзағалиев.