Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды

Алматы облысында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды

Алматы облысы. 19 мамыр. 7kun.kz – Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды, деп хабарлайды 7kun.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Полицияның айтуынша, баланың мүрдесі Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған. Бала алдын ала болжам бойынша, 4-5 жаста. Бойы - 90-100 см.

Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Болжам бойынша, ол қыз бала. Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген.

«Баланың өлі денесі қоқыстан табылғанын растаймын. Сарқан аудандық полициясына бала жоғалды деген шағым түспеген. Бұл іспен полиция айналасып жатыр»,- делінген Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Похожие материалы