Алматы облысы. 13 тамыз. 7kun.kz – 12 тамызда Қарасай ауданының Шамалған ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Шамалған ауылының тұрғыны үлкен ұлын балабақшаға шығарып салу үшін сыртқа шыққан. Кіші ұлы қасында ойнап жүрген. Бір уақытта балаларды тасымалдаумен айналысатын автобус қастарына келіп тоқтайды. Автобус қозғалған кезде кіші баласы доңғалақ астына түсіп қаза болды.
«Шағын автобус рөлінде 69 жастағы ер адам отырған. Ол балаларды балабақшаға тасумен айналысқан», – деді полиция департаментінде.
Қазір Қарасай аудандық ПБ СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.