Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында екі ауданға әкім тағайындалды

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz - Алматы облысында қайта бөлу арқылы жаңадан ашылған Кеген, Райымбек аудандарына әкім тағайындалды. Жергілікті халықпен кездесіп, жаңа әкімдерді таныстыру үшін ауданға облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі барды. 

Орталығы Кеген ауданы болған Кеген ауданына әкім болып Баеділов Талғат тағайындалған. Орталығы Нарынқол ауылы болған Райымбек ауданын Жолан Омаров басқаратын болды. Ж.Омаров бұған дейін бөлінбей тұрған тұста аудан әкімі болған еді. Әкімдерді тағайындау үшін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов екі ауданға өзі барды. Ол алдымен Кеген ауылында ауыл тұрғындарымен жүздескен. Одан кейін Нарынқол ауылын аралап, жергілікті жұртшылықпен кездесіп, ауданның бөлінуімен құттықтады. "Ең бірінші айтарым, құтты болсын! Өздеріңіз білесіздер, мен облыс әкімі болып тағайындалып, осы ауданға келгенде үлкен кісілердің ұсыныс жасағаны әлі есімде.  Кейін Елбасының қабылдауына барғанда, болған жағдайды айтып бердім. Міне, сол ұсынысты Елбасы дұрыс түсініп, қолдап, шешім қабылдап, қазір Елбасының Жарлығы шығып жатыр, соны таныстыруға келдім", деді облыс әкімі. Облыс әкімі ауданды дамыту үшін жеткілікті көлемде қаражат бөлінетінін, сонымен қатар облыстағы басқа аудандардың да Нарынқолға әртүрлі нысандар салып беріп, көмектесетінін айтты.  

Похожие материалы