Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында есірткі сатушыдан ірі көлемде гашиш пен марихуана тәркіленді

Алматы облысында есірткі сатушыдан ірі көлемде гашиш пен марихуана тәркіленді

Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz – Арнайы іс-шара барысында Алматы облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымынан ірі көлемде гашиш пен марихуананы тәркіледі.

Есірткі саудасының ошағы Қарасай ауданында әшкере болды. Облыстық ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚК облыстық департаментінің өкілдерімен бірлескен арнайы іс-шара өткізіп, есірткі заттарын саудалады деген күдікпен 41 жастағы азаматты қолға түсірді.

«Күдікті Іргелі ауылында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктіден 9 килограмм марихуана тәркіленді, сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайына санкцияланған тексеру жүргізу кезінде 7,5 килограмнан астам гашиш табылды. Қазіргі уақытта аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау және оларды сату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті Қарасай ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қылмыстық істі тергеу ісі Полиция департаменті Тергеу басқарамасының өндірісінде.

Похожие материалы