Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қорғас "құрғақ портының" бас жоспары дайындалып жатыр

Қорғас "құрғақ портының" бас жоспары дайындалып жатыр

Алматы облысында "Қорғас-Шығыс қақпа" жобасы аясында Қытаймен шекаралас аймақты дамыту мақсатында "құрғақ порттың" бас жоспары дайындалып жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов мәлімдеді.

"Қазіргі кезеңде Алтынкөл станциясы маңында Қорғас "құрғақ портты" өндіріс аймағы қарқынды түрде дамып келеді. Ол жерде 10 мыңдық жұмыс орны салынып, 50 мың адам қоныстанады. Аумақты жаңа қаланың  құрылыс алаңын айналдыру мақсатында басты жоспар құру дайындығы басталып кетті",-деді әкім қорытынды есеп кезінде.

Құрғақ порт "Қорғас-Шығыс қақпа" АЭА-ның негізгі бөліп табылды. Аумағы - 294га, бұл АЭА-ның 1/3 бөлігін құрайды. Құрылыс 204 жылдың 2 шілдесінде басталған. Осыған дейін,  құрғақ порт құрылысының құны 74 млрд теңге деп бағаланған еді.

 

Похожие материалы