Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында индустриализация картасы бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарланған

Алматы облысында индустриализация картасы бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарланған

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz - Алматы облысында индустриализация картасы бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Биыл жалпы сомасы 30 925,9 млн теңге болатын 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Мәселен, Текелі қаласында «Bapy Mining» атты инновациялық технология арқылы шекті шойынды алатын темір рудасы өндірісі бой көтермек. Құрылыс барысында 120 адам еңбек етуде, кейін ашылған соң 500 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр», - дейді инновациялық жобаларды жүргізу бөлімінің сарапшысы Дана Қалықова.

Айта кетейік, 2010-2014 жылдары Индустриализация картасы бойынша Алматы облысында 282,6 млрд. теңге сомасына 48 жоба іске асырылды. 7 мыңнан астам жұмыс орны пайда болды. Олардың ішінен «Аксель-А» ЖШС-нің фармацевтикалық зауытын, сояны қайта өңдейтін «Сарқан Май» мен «Байсерке Агро» жылыжайын атап өтуге болады.

«ӨКП 2015-2019 жылдарға қарастырылған жобаларды бақылау мен қадағалау жұмыстарын жалғастыруда. Аймақтық картада 43,8 млрд. теңге болатын 18 жоба бар. 2300-ден астам адамды жұмыспен қамту көзделген. Іске асыру кезінде бірқатар мәселелер пайда болды. Әсіресе, өнімді өткізу мәселесі өршіп тұр. Бұл сауал «Абди Ибрахим Глобал Фарм» фармацевтикалық зауытын алаңдатып отыр», - дейді Дана Қалықова.

Бұдан бөлек, 2015 жылы Жетісу жерінде алюминий профилін шығаратын «Aluminium of Kazakhstan» зауыты, тас өңдеп, құрылыс материалдарын шығаратын «Күрті» цехы, асфальтбетон өндіретін «Алакөл-Көмір» зауыты, тас өңдейтін «Қазиндустрия» зауыты салынып, Күрті кен орнынан гранит шығаратын кәсіпорын модернизациялаудан өтті.

Бұдан басқа, осы жылы сумен жабдықтауға арналған шыныпластикалық тұрба шығаратын «KAZKOMPOZIT LTD» зауыты, композитік өнімдерден базальт талшық өндіретін «Базальт-НПА» кәсіпорны, тамшылап суару үшін құрамдастарды шығаратын «Селбесу Агро» зауыты, құрама май мен қоспа жем өндіретін «Жетісу Мажико Агрокешені» мен табиғи тасты (туф) өндіру мен қайта өңдейтін «Қызбұлақ» зауыты салынады деп күтіледі.

Похожие материалы