Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында ойын-сауық саябағы ашылады

Алматы облысында ойын-сауық саябағы ашылады

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz – Алматы облысында 1,5 млрд теңгеге ойын-сауық саябағын салу жоспарлануда. Бұл туралы Кеген ауданы әкімі аймақтық Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Әкімнің айтуынша жобаның бастамашысы - «Park Canyon» ЖШС. Жоба туристік салада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

«Жоба 2019-2021 жылдар аралығында мемлекеттік ақшалай қаражатты тартпай, әлеуетті инвесторлардың жеке қаражатына кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады», - деді аудан әкімі Талғат Баеділов.

Жалға алу құқығымен бөлінген жер учаскесі қандай да бір ұлттық табиғи парк аумағында орналаспаған.

Ақпаратқа сәйкес, әзірленген эскиздік жоба негізінде іске асыру стратегиясын әзірлеу және құрылысты жобалауға дайындық шаралары жүргізілуде. Инвестор мамандармен кеңесіп, экологиялық және өзге де сараптамалар жүргізбек. Бұдан басқа, ол мемлекеттік бақылау-қадағалау және атқарушы органдармен, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігімен келісуге ниетті.

Сондай-ақ, аудан әкімі инвестор инвестжобаның мақсаттары мен міндеттерін, оның әлеуметтік-экономикалық, аймақтық және салалық тиімділігін түсіндіре отырып, қоғамдық тыңдаулар өткізуге дайын екенін атап өтті.

Похожие материалы