Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында қоғам белсендісін атып кетті

Алматы облысында қоғам белсендісін атып кетті

Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz - Талғар ауданы, Панфилов ауылы әкімшілігінің алдында қоғам белсендісі Галина Арзамасованы атып кетті. Бұл туралы фейсукте
Ирина Ким есімді қолданушы жазды. 

Оның жазуынша белсенді жарақат алған.

Геннадий Крестьянский есімді фейсбук қолданушысының жазуынша белсендінің сүйегі мен ішкі органдарына зақым келмеген. Өміріне қауіп жоқ. Алайда қан жоғалтып, қатты стресс алған.

Желі қолданушыларының жазуынша белсенді Панфилов округі әкімімен кездесуге келген. Алайда әкімдіктің кіре берісінде оқ атылған.

zakon.kz жазуынша Алматы облыстық полиция депратаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында тексеру жүріп жатқанын айтқан.

Геннадий Крестьянскийдің жазуынша белсендінің үйіне айдан астам уақыт бұрын біреулер жанғыш бөтелке лақтырып, үйіне оқ атқан.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің жазуынша бүгінгі мәселе облысы әкімдігінің назарына алынды.

"Азаматтық белсенді Галина Арзамасоваға жасалған қастандық әрекетіне қатысты мәселе Алматы облысының әкімдігінің жіті назарына алынды", деп жазды ол Фейсбукте.

Похожие материалы