Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндірген зертхана анықталды

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндірген зертхана анықталды

Алматы. 13 қаңтар. 7kun.kz – 10 қаңтарда полицейлер арнайы операция жүргізіп, Талғар ауданының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы анықтады. Нарколаборатория Жаңалық кентіндегі үйлердің бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, оның барысында 8,39 грамм «мефедрон» есірткі затын, 30 литр мөлшеріндегі прекурсорлар, салмағы 2 кг.162 гр БК-4, жалпы салмағы 2 кг-нан асатын метиламин, сондай-ақ 20 грамнан астам марихуананы әшкерелеп, тәркіледі. Сонымен қатар, есірткі құралдарын дайындауға және қолдануға арналған түрлі заттар тәркіленді», – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді. Күдікті деп танылған 34 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Похожие материалы