Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында су электр станциясы салынады

Алматы облысында су электр станциясы салынады

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Алматы облысының Текелі қаласында құны 9,3 млрд теңге болатын Чажин су электр станциясының (СЭС-2) құрылысы басталды, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш жоба бойынша 18 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта 10 КВт электр жеткізу желісінің құрылысы, канал қазу жұмыстары, станция құрылысы, бетон араластырғыш тораптарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қызметкерлерге арналған уақытша қалашық салынуда.

Аталған су электр станциясы 2021 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Оның жобалық қуаты – 25,8 МВт.

«СЭС-ті іске қосу өңірдегі электр энергиясының құнын одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді. Мұнда жаңа технологиялар енгізілуде, цифрландыру жүзеге асырылуда», – делінген хабарламада.

Похожие материалы