Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында «Жетісу Инвест -2016» халықаралық инвестициялық форумы өтті

Алматы облысында «Жетісу Инвест -2016» халықаралық инвестициялық форумы өтті

Алматы. 10 маусым. 7kun.kz - Алматы облысында «Жетісу Инвест -2016: Жібек жолының өркендеуі арқылы жаңа мүмкіндіктерге» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Бұл туралы 7kun.kz тілшісі хабарлайды.

Бизнес қоғамдастық, халықаралық қаржы ұйымдарынан 400-ден астам өкілдер қатысқан шарада өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды. Форумға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев, ҚР ИД вице-министрі Ерлан Хаиров, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қаныш Тулеушин қатысты.

Форум барысында облыс әкімі Амандық Баталов  2015 жылы инвестиция көлемі (490 млрд теңге) бойынша аймақ республикада 4-орынға шыққанын атап өтті.

«2015 жылы инвестиция көлемі (490 млрд теңге жөнінен облысымыз  республика  бойынша 4-орында. Бұл 2014 жылғы деңгейден 105,3%  физикалық көлем индексімен 37 млрд теңгеден асады. Тұтастай, 2015 жылы сомасы 34,7 млрд теңгеге 170 инвестициялық жоба іске асырылды. 3,6 мың жұмыс орны құрылды. Биыл сомасы 94 млрд теңгеге 115 жоба жоспарланған. Бұл 4,4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылдан бастап 2020 жылдар аралығында барлығы 23 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеден астам сомаға 443 жоба іске асыруды күтіп отырмыз», - деді облыс әкімі.

13397041_288895841498273_1386206170_oСондай-ақ, форумда белгілі болғандай, 2016 жылы Алматы облысында бизнесті қолдау мақсатында республикалық, салалық және аймақтық бағдарлама бойынша 15,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Ал өткен жылы бұл сома 5,6 млрд теңгені құраған.

Қаражаттың 6,0 млрд теңгесі "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша, 3,0 млрд теңгесі "Даму" қорынан, 600 млн теңгесі "Атамекен" ҰКП тарапынан бөлінді.

Форумда Амандық Баталов облыстың аграрлық-индустриалдық бағытын ескере отырып, ауыл шаруашылық өндірісін инвестициялау мен ауыл шарушылығы өнімдерін тереңнен өңдеуге мамандану негізгі бағыт ретінде белгіленіп отырғанын атап өтті.

Ал Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек облыстағы агроөнеркәсіп, туризм, энергетика саласындағы мүмкіндіктерге тоқталды. Оның айтуынша, Алматы қаласы және Алматы облысындағы ашылып жатқан кәсіпорындар мен бизнес орталықтар халықты жұмыспен қамтып, ел экономикасының жақсаруына септігін тигізеді. 

Похожие материалы