Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Алматы облысы. 8 тамыз. 7kun.kz – Алматы облысында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тауып, үш кәмелетке толмаған бала жарақат алды. Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының полициясы 6 тамыз күні кешкі сағат 20:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында Audi және Renault көліктері соқтығысқанын хабарлады. Audi көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Алматы – Көкпек – Көктал автожолымен шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

«Оқиға орнында бес адам қаза тапты. Түрлі дене жарақатымен үш кәмелетке толмаған бала Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғап, барлық қажетті сараптаманы тағайындады», – делінген хабарламада.

Похожие материалы