Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында өзін-өзі жұмыспен қамтушы әйелдер саны 181 мыңнан асады

Алматы облысында өзін-өзі жұмыспен қамтушы әйелдер саны 181 мыңнан асады

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі мен Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлейменовамен кездесті. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бейресми кездесуде өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері мен жоспарлар талқыланды. Алматы облысындағы өзін-өзі жұмыспен қамтушы әйелдер саны 181 325 болса, оның 39 335-і қала тұрғындары, ал 141 990-ы ауыл тұрғындары. ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Мамила Мұсабекова атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, бірлестік қызметінің басты міндеттерін атап өтті.

«Әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыруға қарамастан, ақпараттың жоқтығы, бизнес ашуды қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулігі, жайсыз салық саясаты мен әкімшілік кедергілер негізгі мәселелер ретінде қалуда. Осыған байланысты мемлекеттік және қаржылай емес қолдау шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе бұл жұмыссыздар арасында өзекті, өйткені дәл осы әлеуметтік топ назардан тыс қалып отыр», – деп атап өтті М.Мұсабекова.

Кеңес хатшысы, Палатаның адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетті және әрекет етуші субъектілеріне арналған арнайы қаржылық қолдау шараларын жасау маңызды деп есептейді. Оның айтуынша, жаңа шағын несие беру бағдарламасын іске қосу әйелдер бизнесін жандандыруға мүмкіндік бермек.

Похожие материалы