Экономика
Регионы
Алматы облысының экономикалық өсімі 4,2 пайызды құрады
Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы 18 мамырда Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысындa айтылды.
Онда 2018 жылдың 4 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен екінші тоқсанға арналған міндеттер және 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы мен 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымындағы міндеттер туралы мәселелер қаралды
.
Бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов баяндама жасады. Оның айтуынша, өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 249,8 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі – 104,2 пайызды құрады. Жаңа 11 нысан іске қосылып, қолданыстағы 5 өндіріс кеңейтілген, қосымша 278 жұмыс орындары ашылды.
Ауыл шаруашылығында 10,8 мың жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы 50 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарлануда, оның ішінде 362 ЖШҚ тартылып, 7-уі құрылды. Қант қызылшасы бойынша 7 сервистік-дайындау орталығы ашылды, 1,5 млрд теңгеге 132 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Ет өндірісі – 4,7 пайызға, сүт - 2,1 пайызға, жұмыртқа 4,1 пайызға артты. Облыс бойынша 83 бордақылау алаңы мен 64 сүт-тауарлық фермасы жұмыс жасайды.
"Жалпы облыстың бүгінгі экономикалық өсімі жаман емес - 4,2 пайыз құрап отыр. Елбасы облысқа келген сапарында жұмысымызға оң баға берді, сонымен қатар жаңа міндеттер жүктеді. Президент тапсырмаларын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеп, соның негізінде жұмыс жасауымыз керек. Биылғы жылы шағын және орта бизнесте ашылуы тиіс 100 жаңа нысанның әрқайсысын аудан әкімдері жатқа білуі керек. Құрылыс көлемі 137 пайызды құрап отыр, бірақ мен бұл біз үшін ол жеткіліксіз деп есептеймін, сондықтан Президенттің 7-20-25 бағдарламасының аясында құрылыс қарқынын өсіруіміз керек",-деді облыс әкімі Амандық Баталов.