
Алматы облысы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы облысы әкімдігі Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшті. Бұрын ол ғимарат ойынхана болған, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Алматы облысының әкімдігі Индустриальная көшесі 16/4 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимаратты жалға алады», – деп хабарлады әкімдікте.
Бұрын ол ғимарат Royal Plaza ойын мекемесі болған.
«Оның жабылғанына біраз болған және меншік иесі ғимаратты кеңсеге арналған әкімшілік ғимаратқа ауыстырды», – деді баспасөз қызметі өкілдері.