Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы ортасына «Универсиада-2017» символы орнатылды

Алматы ортасына «Универсиада-2017» символы орнатылды

Алматының ортасында 2017 жылы өтетін Универсиада ойындарының символы орнатылды. Қанаты қомданған сұңқардың мүсіні әл-Фараби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында бой көтерді. Бұл туралы қалалық Табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Басқармадан мәлімдегендей, бұл мүсін қалада биыл орнатылған 9-шы композиция екен. Биіктігі 3 метр болатын декоративті композиция маңындағы үлкен гүлзарда «Универсиада - 2017»  жазуы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бедерленген. Сондай-ақ, Розыбакиев пен әл-Фараби көшелерінің қиылысында «Лилия» вертикалды гүл композициясын орнату жұмыстары аяқталды. Алып метал гүлдің биіктігі 8 метрге дейін жетті. Оған қарама-қарсы «Құйын» композициясы орналасқан. Ақпарат көзі: Қазақпарат

Похожие материалы