Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

Қазіргі уақытта Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет істеуде. Қала периметрі бойынша блок-бекеттер орнатылған, видеобақылау камераларынан алынған мәліметтер сарапталып жатыр. Бұл туралы қаланың ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мегаполистегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқық қорғауды қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар жүргізуде. Жағдай бақылауға алынған делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ полиция 20 мамырда қару-жарақ пен жарылғыш заттардың сақталуына қатысты тұтқындалғандар туралы ақпарат берді. "Қару-жарақ пен жарылғыш заттар сақталды деген күдікпен қамалғандардың екеуі Алматы қаласының, екеуі Алматы облысының және біреуі Павлодар қаласының тұрғыны. Олардың екеуі осыған дейін наша құралдарын заңсыз таратқаны, қарақшылығы және зорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", -деп атап өтті ІІМ-нен. 20 мамырда "Республика" және "Астана" алаңдарының маңынан жанғыш қоспасы бар құтылар, оншақты темірлер және бензин құйылған канистр тауып алғандағы хабарланған еді. Алмалы және Бостандық аудандарындағы екі пәтерден бірнеше қару, 4 граната және жалпы құны 5 млн теңге көлеміндегі ақша табылды.

Похожие материалы