Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанның республикалық бюджетіндегі салықтық түсімдер 7,3 трлн теңгеден асты. Салық көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға өскен.
Алматы көрсетілген кезеңде 1,7 трлн теңге, Атырау облысы – 1,2 трлн теңгеден сәл артық, ал Астана – 981,9 млрд теңге салық төледі.
Маңғыстау облысы бюджетті 375,3 млрд теңгеге, Қарағанды облысы - 378 млрд теңгеге, Алматы облысы - 353,4 млрд теңгеге, Ақтөбе облысы – 350,7 млрд теңгеге, ШҚО – 273,2 млрд теңгеге, БҚО – 269,8 млрд теңгеге, ал Павлодар облысы – 256,8 млрд теңгеге толықтырды.
Республикалық бюджетке Түркістан облысы тоғыз айда 233,9 млрд теңге, Қостанай облысы – 150,6 млрд теңге, Ақмола облысы – 145,2 млрд теңге, Қызылорда облысы – 127 млрд теңге, Жамбыл облысы – 77,3 млрд теңге, СҚО – 69,9 млрд теңге, ал Шымкент (2018 жылдың қыркүйек-қараша айларында) - 44,4 млрд теңге көлемінде салық төледі.