Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры қамауға алынды

"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры қамауға алынды

Алматыдағы ақылы тұрақтарды қадағалайтын "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген қалалық соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін A-parking қалалық ақылы автотұрақтардың операторы Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Алматыда ақылы автотұрақтар 2016 жылы енгізілді. Қазір қалада 11 мың ақылы тұрақ орны бар, бұл қаланың жалпы тұрақ кеңістігінің 15%-ын құрайды.

Похожие материалы