Экономика
Выбор редактора
Алматы супермаркеттерінің сөрелеріне қазақстандық тауарлар шығарылады
Алматы қаласының сауда кәсіпорындары мен Шығыс Қазақстан облысы ауылшаруашылығының тауар өндірушілері өзара серіктестікті нығайтуда. Алдағы уақытта Алматы қаласының сауда желілерінің сөрелерінде қазақстандық тауарлар пайда болады деп хабарлайды Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.
Тараптардың ынтымақтастығы Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өңірлер арасындағы өңіраралық кооперация шеңберінде өтіп жатыр. Мегаполистің ірі сауда желілері қонақтар тарапынан ұйымдастырылған көрме өткізу кезінде Шығыс Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібінің әлеуетімен танысты. Бұдан басқа, тараптар қалаға өнімдерді тікелей жеткізу туралы Меморандумдарға қол қойды.
Қазір қышқыл сүт, ет, балық, кондитер, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының жасаң жеміс-көкөністен тұратын өнімдерін өндірушілер тауардың 100-ден астам түрін ұсынды. Осылайша, алматылық тұтынушыларда экологиялық таза өнімдер алуға мүмкіндік пайда болады.
Алматы қаласы әкімдігінің Қазақстанның барлық өңірлерімен осындай барлығы 15-ке жуық осындай кеңестер өткізбек.