Алматы әуежайы жұмысын жалғастырды. Барлық рейстер кесте бойынша ұшырылып жатыр деп хабарлайды vlast.kz әуежайдың анықтамалық қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы әуежайы жұмысын штатты режимде жалғастырып жатыр. Барлық рейстер кесте бойынша ұшырылып жатыр",-деді анықтама қызметі.
Осыған дейін әуежайдағы барлық адамдар эвакуацияланып жатыр деп хабарланған еді. Ұшуға тиісті рейстер кері шегеріліп, келген жолаушылар ұшақтың салонынан шығарылған жоқ. Алдын-ала мәліметке сәйкес, эвакуация жүргізуге әуежайда жарылғыш зат бар деген ақпарат себеп болған.