Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz - Алматы вокзалдарының ғимараттарында енді көптеген сауда киоскілері болмайды. Ақпан айының соңына дейін олардың орнын газет дүкендері және минимаркеттермен алмастырады. Бұл туралы Алматы телеканалы хабарлады.
Екі вокзалдың аумағынан екі күннің ішінде елуге жуық сауда нүктелері алынып тасталған. Олар негізінен газет және азық-түлік киоскілері.
Сот орындаушысы Рахим Орынбаев телеканал журналистеріне объекттердің заңсыз салынғандығын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оларды сүру туралы бұйрық орындалып жатыр. Сот шешімі бойынша, барлық 28 киоск қаңтар айының басында сүріліп тасталынды. Ақпанның соңында ғимарат ішіндегі дүкендер қатарын сүру басталады. Нәтижесінде, жолаушыларға тек бір минимаркет пен газет дүкені қызмет ететін болады.
Еске салсақ, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 2016 жылдың қараша айынан бастап, қаладағы тоғыз категория бойынша, сауда объектілері бірыңғай стандартпен жұмыс істейтіндігін айтқан болатын. Олар: көкөніс, газет пен билет сататын киоскілер, гүл павильондары, автодүкендер, аялдама комплекстері және т.б.