Экономика
Алматының жанармай бекеттері бағаны өзара келісіп алды деп айыпталды
Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Монополияға қарсы комитет Алматы қаласында дизель отынының бағасын көтеру бойынша ЖМС арасында өзара келісім болғанын анықтады.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Royal Petrol, «Гелиос» , «Газпром-нефть Қазақстан» және Sinooil жанар-жағар май құю станциялары 2018 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін бағаны көтергенін нақтылады. Оларға қатысты олардың әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеті бөлігінде Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.