
Алматы зообағының ашылғанына 78 жыл толды деп хабарлайды Total.kz агенттігі. Ол Қазақстан Республикасындағы ең ескі зообақ.
Зообақ алғашқы келушілерін 1937 жылдың 8 қарашасында қабылдаған. Жетпіс жыл ішінде миллионға жуық адам келген.
Алматы зообағының аумағы 21,575 гектарды құрайды. Бұл аумақта 346 түрлі жануарлардың 5600-ға жуық саны бар. Жануарлардың барлығы алты секция бойынша бөлінген: аквариум, экзотариум, авиарий (құстар секциясы), сүтқоректілер- тұяқтылар, жыртқыштар және приматтар. Фото rus-img.com сайтынан алынды