Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда 175 млн теңге мерекелік безендіруге жұмсалады

Алматыда  175 млн теңге мерекелік безендіруге жұмсалады

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылы қалалық Мәдениет және архив басқармасына ҚР Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі алдындағы безендіру жұмыстарына 175 млн теңге бөлініп отыр. 2016 жылы бұл сома 215 млн теңгені құраған болатын.

«Биыл тек басты көшелер ғана емес, 8 аудандағы көшелердің барлығы әрленеді. Қаладағы ұзындығы 260 км болатын барлық көпірлер мен жол айырықтарында гирляндалар, иллюминациялар, барлығы 6800 элемент ілінеді. Сондай-ақ, шағын архитектуралық мүсіндер мен кронштейндер орнатылады. Бұлардың барлығы келесі жылы да пайдаланылатын болады. Одан бөлек әр ауданның әкімдіктері шырша орнатып, балаларға мерекелік шаралар өткізеді», – деді қалалық Мәдениет басқармасынан.

Қалада 18 желтоқсаннан кейін Республика сарайы, Абай атындағы опера және балет театры, ҚР Тұңғыш Президенті паркі, Алматы арена сарайы маңында 15 шырша орнатылады.

Похожие материалы