Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда 19 ескі тұрғын үй бұзылады

Алматыда 19 ескі тұрғын үй бұзылады

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылы Алматыда 10,3 мың шаршы метрге жуық ескі тұрғын үйді бұзу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны хабарлады.

Барлығы 19 үй бұзылады. Ведомствоның хабарлауынша, бұл ғимараттар тоғыз нүктеде орналасқан:

Сүлейменов көшесімен Жандосов көшесінің оңтүстігіне қарай Рысқұлбеков көшесіне дейін – бес үй;

Сауранбаев, Молдағалиев, Толстой, Чернышевский көшелерінің квадраты – бір үй;

Бөгенбай батыр көшесі мен Кошевой көшесінің қиылысы – екі үй;

Райымбек даңғылы, Гончаров, Скрябин, Крылов көшелерінің квадраты - үш үй;

Гончаров, Скрябин, Боткин көшелерінің және Райымбек даңғылының квадраты – бір үй;

Гончаров, Скрябин, Боткин және Райымбек даңғылы көшелерінің квадраты – бір үй;

Павленко, Боткин, Казаков және Райымбек даңғылы көшелерінің квадраты – бір үй;

Шевченко, Шәріпов, Жамбыл, Досмұхамедов көшелерінің квадраты – үш үй;

Жангелдин, Янушкевич, Бәйішев, Әшімбаев көшелері квадраты – бір үй;

Бокин, 20-шы линия, Шмелев, Тәжібаева көшелерінің квадраты – екі үй.

Сонымен қатар, 2018-2030 жылдан бастап Алматының тұрғын үй құрылысын кешенді қайта құру бағдарламасына 948 үй енгізілді. Олар үш кезеңде бұзылады: 2018-2020 жылдары – 267 үй, 2021-2025 жылдары – 284 үй, 2026-2030 жылдары – 397 үй.

Түрксіб ауданында 428-ден астам үй бұзылды. Ал, Наурызбай ауданында тек сегіз ғимарат сүріледі.

«Қазіргі уақытта жергілікті немесе республикалық бюджет тарапынан пайдалану мерзімі өтіп кеткен тұрғын үйді бұзуға қаражат бөлінбейді, алайда жоғарыда көрсетілген үйлерді бұзу мақсатында жеке инвесторларды тарту бойынша шаралар қабылдануда. Жергілікті атқарушы орган инфрақұрылымды дамытуға қаражат тартуды жоспарлап отыр», - деп атап өтті әкімдікте.

Сонымет қатар, әкімдікте ескі ғимараттардың алаңына 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырғанын айтты.

Похожие материалы