Алматы. 30 маусым. 7kun.kz - Алматыда табыс декларациясын өткізбеген 39 мемлекеттік қызметшіге 4,4 млн. теңге айыппұл салынды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
«Департамент мамандары 2016 жылға табыс декларациясын уақытында тапсырмаған мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларын әкімшілік жазаға тарту туралы ұсыныс жасады», - деді қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Балтабеков Қанат.
Жүргізілген талдауларға сәйкес, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің негізгі табысы олардың жұбайларының үлесінде екендігі анықталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңы мен Салық кодексінің нормалары бойынша бұл декларацияны келер есептік кезеңнің 31 наурызына дейін тапсыру керек. Бір мемлекеттік қызметшінің жары табыс декларациясын уақытынан кешігіп әкелгені үшін 50 АЕК өлемінде, яғни 450 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.