Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда 70-ке жуық автожүргізуші жұмысқа шыққан жоқ

Алматыда 70-ке жуық автожүргізуші жұмысқа шыққан жоқ

Алматыдағы № 1 автопарктың 70-ке жуық жүргізушісі жұмысқа шыққан жоқ деп хабарлайды Tengrinews.kz. Олар басшылық жалақыны көтермейінше, жұмысқа шықпаймыз деп талап қойған. 

"Автобус паркі муниципалды болған кезде 120 мың теңге жалақы алатын едім. Алайда екінші ай қатарынан тиын-тебен алып жүрміз. Өткен айда қолымызға 26 мың теңге жалақы берді. Кейінірек жұмысымызды жалғастыра берсек, барлығы дұрысталып, 100 мың теңгеден артық жалақы береміз деді. Енді 57 мың теңге ғана айлық алдым. Олар біздің еңбегімізді бағаламайды", -деді жүргізушілердің бірі. Алматыдағы Жолаушылар транспорты басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков қазір жағдай бақылауға алынып жатыр деп хабарлады. Қаңтарда Алматының муниципалды автопаркінің 70 пайыз үлесі жеке компанияға берілді.  Бұл туралы Алматының 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық нәтижесі туралы есеп беру кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек хабарлады. Оның атап өтуінше, бұл шара тасымалдаушылар сапалы, жаңа заманғы автобустарды пайдаланып, ал әкімшілік шығынды маршруттарды субсидиялай алу үшін қажет. Әкімнің сөзінше, инвесторлар жарты жыл ішінде 200 жаңа автобус сатып алмақ. Ал бірінші ЛиАЗ-дар 2016 жылдың сәуірінде қолданысқа шығарылады.

Похожие материалы