Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz – Алматыда 42 жастағы әйел ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция мәліметінше, 1981 жылы туған әйел 2011 жылғы ұлын бірнеше рет пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді.
«Сол күні әйел бұрынғы күйеуіне аудио-хабарлама жолдап, онда ішіне жын кіріп, ұлын оның қолымен өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам үйіне келіп, бұрынғы әйелі мен ұлының өлі денесін тапқан», – деді полицияда.
Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған.