Алматыда әлемнің ең үздік хирургтарының қатысуымен дискуссиялық нейрокурс өтеді
16-18 желтоқсанда Алматыдағы «Орталық клиникалық ауруханада» VII халықаралық дискуссиялық нейрокурс өтеді. Бұл туралы
Private Clinic Almaty медицина орталығы хабарлады.
Үш күндік іс-шараға Германия, Израиль, Ресей және Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік нейрохирургтер, невропатологтар және басқа да мамандар жиналады.
Жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық дискуссиялық нейрокурстың басты мақсаты – еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамыту және отандық медицинаға озық тәжірибені енгізу.
Тәжірибе алмаса отырып спикерлер «Орталық клиникалық аурухана» АҚ және Private Clinic Almaty базасында жұлын мен миға ота жасап, клиникалық жағдайларды талдайды, емдеу және оңалту мәселелерін талқылайды.
Нейрокурс онлайн және офлайн форматта өтеді. Оталарды тікелей эфирде әлемнің мыңдаған дәрігері тамашалайды.
VII халықаралық дискуссиялық нейрокурс туралы толығырақ https://neurocourse.online/en-US/neurocourse#registration сайтынан білуге болады.