Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда ArtSport бағдарламасына бөлінген 2,5 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды

Алматыда ArtSport бағдарламасына бөлінген 2,5 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды

Алматы. 28 қыркүйек. 7kun.kz – ArtSport бағдарламасы бойынша жұмсалған қаржыны тексеру қорытындысын шығып, бюджеттен қомақты қаражаттың ұрланғаны жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Алматыда спорттық және шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бойынша қоғамдық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Белгілі болғандай, шенеуніктер мен олардың сыбайластары бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаржыны жымқыру үшін түрлі қылмыстық схемалар ойлап тапқан.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар жайлы қоғамдық жұмыс тобының отырысында толығырақ айтылды.

«3000-нан астам бала шетелде болса да, қағаз жүзінде үйірмеге тіркелген, 5000-нан астам сабақ өткізілмеген. Бұл ретте, еңбек шарттарын жасаспаған, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген жаттықтырушылардың өздеріне қатысты да еңбек құқықтарының бұзылуына жол берілді. Бірнеше миллион долларлық залал келтірілді, тексеру әлі жалғасуда», – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Рақышев.

Тексеру комиссиясының мәліметінше, бюджет қаражаты есебінен жалған қызметтер мен Алматы қаласында тіркелмеген балалар үшін 2,5 млрд астам теңгеге төлем жүргізілген.

Сондай-ақ аталған бағдарлама бойынша өзгге де заңбұзушылықтар анықталды.

«Келесі заң бұзушылықтар анықталды: жоқ ЖСН-ге 2,5 мың ваучер, басқа өңірлерде тіркелген балаларға 18 мыңнан астам ваучер алынған, сондай-ақ Алматыдан көшіп кеткен балаларға да (тұрақты тұруға кеткен, тіркеу орнын ауыстырған және т.б.) ваучер алынған, төрт жасқа дейінгі балаларға спорт секциясына 150 жолдама берілген», – деді Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов.

Тексеру қорытындысы бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.

Айта кетейік, 2021 жылдың мамырынан бері Алматыда ArtSport бағдарламасын жүзеге асыруға 12,8 млрд теңге бөлінген.

Похожие материалы