Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда автобус жолаушылары әйелді пышақ ұстаған ашулы күйеуінен құтқарды

Алматыда автобус жолаушылары әйелді пышақ ұстаған ашулы күйеуінен құтқарды

Алматы. 5 тамыз. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде Алматыда қоғамдық көлікте жолаушылардың бірі жұрттың көзінше бұрынғы әйеліне пышақпен тап берген видео тарады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Автобус ішіндегі бейнебақылау камерасы түсірген видеода ер адам мен әйел алдымен сөйлесіп тұрғаны, содан кейін ер адам оны өлтірмек болған байқалады. Пышақпен қаруланған оны жолаушылар тежеп, әйелді құтқарды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті 2 жыл бұрын ажырасқан келіншегін өлтірмек болған.

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, бұзақы 15 тәулікке қамауға алынды.

Алматы полициясының мәліметінше, аталаған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Похожие материалы