Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда балет театры мен конгресс-орталық салынады

Алматыда балет театры мен конгресс-орталық салынады

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — «Алматыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» бастамасы аясында 2020 жылы жеке инвестициялар есебінен балет театры мен заманауи конгресс-орталық салынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінде хабарлады.

Жаңа ғимарат Әл-Фараби даңғылы бойы мен Назарбаев даңғылының батысындағы ұзақ уақыт бос жатқан жерде бой көтереді.

"Ғимарат архитектурасы фонтаны бар, айналасы көгалдандырылған әрі есте қаларлықтай ерекше сипатта жасалады. Оның көпқұрамды бөлшектері мен элементтері болады. Нысан фактурасы өте тартымды, оның жоғары жағы жарық көздері арқылы айрықша нұрланады", - делінген хабарламада.

Театр кеңістігін көпфункционалды және түрленетін тұрғыда жасау жсопарланған. Холл алаңында бизнес ивенттер мен салтанатты шаралар өткізуге болады. Сондай-ақ, ғимарат ішінде балалар үшін хореография мектебін ашу жоспарда бар.

Бұдан басқа, мұнда жыл сайын 50-ден астам халықаралық ивенттердің өтетінін ескере отырып заманауи конгресс-орталық салынуы мүмкін.

Айта кетейік, "Алматы дамуының 50 жоба-драйвері" аясында биылғы жылы тағы да бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы, сондай-ақ ғимараттардың сейсмотұрақтылығын күшейту мен қайта құру, көшелер мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары аяқталады. Тек осы жобалардың есебінен 5 мыңға жуық қосымша жұмыс орны және қала бюджетіне 8,8 млрд теңге салық түсімдері құрылды. Жыл соңына дейін Республика алаңын, Достық даңғылын, Байсейітова және Жібек жолы көшелерін, Верный обсерваториясын, Алматы хайуанаттар бағын, Медеудегі денсаулық сатысын, Мыңжылдық фонтаны мен қаланың барлық сегіз ауданындағы жаяу жүргіншілер аймағын қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа,
отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның, №4 перзентхана мен Түрксіб ауданындағы психоневрологиялық интернат жанындағы қосалқы нысандардың, медициналық жедел жәрдем қосалқы станциясы мен Алатау ауданындағы патологоанатомиялық құрылысы аяқталады.

Похожие материалы